Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда іш киім ұрлаған қыздар Instagram арқылы "ұсталды"(видео)

Опубликовано:

Павлодарлық бойжеткендер сауда орталығынан іш киім ұрлаймыз деп істі болды. Іздестіру нәтижесінде қолға түскен 19 жастағы ару 45 тәулікке қамалуы мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ.

Павлодар. Фото: Скриншот
Павлодар. Фото: Скриншот: UGC

Бойжеткендерді Instagram парақшасы арқылы іздеген.

"Бойжеткендер дүкендегі камераға түсіп қалған. Олар алдымен іш киімдерді қарап жүріп, артынша жымқырып кеткен. Полицейлер видеоны Instagram парақшасында жариялап, көпшіліктен көмек сұрады. Көп ұзамай есімін жасырған тұрғын олардың мекен-жайын тауып берді. 19 жастағы қызға "кішігірім қылмыс" жасағаны үшін үш миллионға жуық айыппұл салынады немесе 45 күнге қамауға алынады», - деді Павлодар облыстық ішкі істер департаменті.

Ал екінші бойжеткеннің бұл іске қатысы болмағандықтан, босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1727235-pavlodarda-is-kiim-rlagan-kyzdar-instagram-arkyly-staldyvideo/

pixel