RU
Шымкентте жер үйлердің бірінен өрт шығып, автокөлік жанып кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте жер үйлердің бірінен өрт шығып, автокөлік жанып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте уақытша үйлердің бірінен шыққан тілсіз жаудың салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп, 1956 жылы туған ер адам ауруханаға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкентте өрт

Сағат 12.46-да Шымкент қалалық ТЖБ өрт сөндіру қызметіне "Қайтпасс-1" шағынауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсіпті.

Ақынов көшесінде орналасқан 37-ші үйде уақытша үй мен «WOLKSVAGEN PASSAT» маркалы жеңіл автокөлігі жанған.

Шымкентте өрт
Тілсіз жау сағат 13.38-де ауыздықталып, 14.23-те толық сөндірілді.

Өрт салдарынан 1956 жылы туған азаматты күйік шалған. Қазір ол ауруханада ем-дом алып жатыр.

Шымкентте өрт

Өрттің жалпы аумағы 48 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіруге ОҚО ТЖД 20 қызметкері мен 4 дана техника жұмылдырылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір