RU
"Уақытым жоқ": Мүлде тамақ ішпейтін Анджелина Джоли емделуден бас тартты
Жаңалықтар Әлемде

"Уақытым жоқ": Мүлде тамақ ішпейтін Анджелина Джоли емделуден бас тартты

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Анджелина Джолидің наурыз айының басында ауруханаға түскені мәлім болды. Актриса өз үйінде талып қалған. Оның денсаулығы өте нашар жағдайда екенін дәрігерлер де растап отыр деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: glavcom.ua

Фото: glavcom.ua

Танымал актриса өзінің Лос-Аннджелестегі Лос-Фелис ауданындағы үйінде талып қалып, бірден ауруханаға жеткізілген. Жедел жәрдемге кімнің қоңырау шалғаны әзірге белгісіз.

Дәрігерлердің айтуынша, Анджелина салауатты өмір сүру салтын дұрыс сақтанбағандықтан ауырып қалған.

Голливудтық жұлдыз мүлдем тамақ ішпей, ұйықтау дегенді тіптен ұмытыпты. Бұл факторлар оның жүйке жүйесінің жағдайын нашарлатып жіберсе керек.

Алайда актрисаның өзі денсаулығының сыр бергенін мойындағысы келмейді. Дәрігерлердің ем алу керек деген үндеуінеде құлақ аспайтын көрінеді.

Фото: glavcom.ua

Фото: glavcom.ua

Оның жақындары, тіпті Брэд Пит те Анджелинаны ауруханаға жатып, тиісті ем алуға көндіруде. Оларға Джолидің айтар бір жауабы ғана бар: "Денсаулықты қалыпқа келтіруге дым уақытым жоқ!".

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
5
0
11
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір