RU
Таза ауадағы жыныстық қатынас әлдеқайда пайдалы екені дәлелденді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Таза ауадағы жыныстық қатынас әлдеқайда пайдалы екені дәлелденді

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар үйдегі жыныстық қатынасқа қарағанда, таза ауада махаббатпен айналысқан анағұрлым пайдалы екенін дәлелдеді. Олардың айтуынша, табиғат аясында жыныстық қатынасқа түсу кезінде оргазм алу мүмкіндігі 12%-ға дейін көтеріледі деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

1. Таза ауа - эндорфин

Эндорфин дегеніміз - бақыт гормоны. Олар адамның күйзеліс гормондарының жойылуынан кейін, қимыл-қозғалыс кезінде пайда болады. Ал жыныстық қатынасқа түскен адам өте белсенді қозғалғандықтан эндорфиндер өте көп мөлшерде бөлініп шығады.

Бұл гормондар неғұрлым көп болса, соғұрлым адам да өзін бақытты сезінеді.

Фото: postawy.by

Фото: postawy.by

2. Таза ауада махаббатпен айналысу әлсіздік деңгейін төмендетеді

Америкалық ғалымдар кеңсе жұмысшылары арасында өткізген зерттеу нәтижесінде қызықты жаңалық ашты. Белгілі болғандай, кеңседе отыра беретін адамдардың кері иондары қаптай береді екен. Олар өз кезегінде адамның шаршауы мен әлсіздігін күшейте түседі.

Сол себепті түскі үзіліс кезінде саябаққа барып, таза ауада жыныстық қатынасқа түскен кеңсе қызметкерлерінің бойынан шаршау сезімі жойылған. Оның орнына керісінше, қуаттанып алғандарын айтты олар.

Фото: postawy.by

Фото: postawy.by

3. Оттегі молшылығы жасарту қасиетіне ие

Физиологтар дәлелдемеріне сәйкес, неғұрлым терең тыныс алған сайын біз көп оттегі сіңіреміз. Ал ол болса адамның ойлау қабілетін жақсартып қана қоймай, адам терісіне оң әсерін тигізсе керек.

Табиғат аясындағы жыныстық қатынас кезінде өкпе вентиляциясы еселеніп, оттегі шамадан тыс көп бөліне бастайды. Оның молшылығы адамның қан айналымын жақсарта түседі.

Сонымен қатар, жүрек-қан ауруларының болу қаупі анағұрлым төмендейді.

Фото: postawy.by

Фото: postawy.by

4. Табиғат аясында махаббат сейілін құрғандардың білім деңгейі арта түседі

Бұл рас. Таза ауада жыныстық қатынасқа түскен адамдар логикалық жұмбақтар мен түрлі есептерді тез арада шешу қабілетіне ие болып шықты.

Ғалымдардың айтуынша, аптасына 15 минутын махаббатқа бөленіп өткізген ғашықтардың ойлау қабілеті жақсара түспек.

Фото: postawy.by

Фото: postawy.by

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
2
3
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір