RU
Ресейліктер рубль әлсіреген сәтте жаппай мысық сатып алған
Жаңалықтар Әлемде

Ресейліктер рубль әлсіреген сәтте жаппай мысық сатып алған

Рассказать Вконтакте

Ресейліктер рубль әлсіреген уақытта отандастарының жаппай мысық сатып алғанын анықтаған деп хабарлайды Рамблерге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

"Юла" хабарландырулар қызметінің ақпаратынша рубль әлсіреген уақытта ресейліктер жаппай мысық сатып алған көрінеді.

"9-10 сәуір күндері мысыққа деген сұраныс артқан. Әсіресе, 10 сәуір күні сатылған мысықтар саны өте көп болды, бұл көрсеткіш бір апта бұрынғымен салыстырғанда 3,6 есеге ұлғайған. Ал, 9-ы күні аталған мөлшер 213 пайыздан асып түскен», - дейді мамандар.

Ресей тұрғындарының ішінде, әсіресе, шотландиялық тұқымды мысықты сатып алушылар көп болып шыққан. Олар тапсырыс берушілердің 40 пайызын құраған.

Ал, мұндай мысықтың бағасы шамамен – 2,9 мың рубльді құрайды. Екінші орыннан бағасы 2,8 мың рубль болатын британиялық мысықтар көрінсе, үштікті мейн-кун текті мысықтар жапқан.

Сатылған үй жануарларының ішінде ең қымбаты – бағасы 10 мың рубльді құрайтын канадалық сфинкстер болып шыққан.

Айта кетерлігі, наурыз айында да аталған тұқымды мысықтарға деген сұраныс көп болған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel