RU
Қызылордада 10 млн айлық алған бас есепші мен экономист ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада 10 млн айлық алған бас есепші мен экономист ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында колледждің бас есепшісі мен экономисті өздеріне 10 миллион теңгеден астам жалақы жазып алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Өрескел заңбұзушылық Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде тіркелген.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, білім ордасының бас есепшісі мен экономисті заңсыз түрде жеке шоттарға 10 миллион 300 мың теңге аударып отырған.

Белгілі болғандай, бас есепші өзіне 1,6 миллион теңгенің орнына 8 миллион 52 мың теңге алып келген.

Ал экономистке 1 миллион 168 мың теңгенің орнына 3 миллион 915 мың теңге аударылған.

Қазір колледжде аудиторлық тексерістер жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
16
2
6
0
2
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel