RU
"Оно" фильмінде ойнаған әйгілі актердің өлі денесі өз үйінде табылды
Жаңалықтар Кино и ТВ

"Оно" фильмінде ойнаған әйгілі актердің өлі денесі өз үйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Каролина штаты Ашвилл қаласында америкалық актер Гарри Андерсон өлі күйінде табылды. Әзірге оның неден қайтыс болғаны туралы ақпарат тарамады деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Оно" фильмінде ойнаған әйгілі актердің өлі денесі өз үйінде табылды

"Оно" фильмінде ойнаған әйгілі актердің өлі денесі өз үйінде табылды
Source: UGC

Андерсонның үйінен полицияға хабар келіп түскен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға болған жерге келіп, актердің өлі денесін тауыпты.

Марқұм биыл 65 жаста болған.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, артисті біреу өлтірді деуге дәлел жоқ. Ал Андерсонның ұлы Дэшиел әкесінің өзі өлгенін хабарлады.

Гарри Андерсон - Стивен Кингтің «Оно» романы бойынша түсірілген фильмде ойнаған. Аталған фильм 1990 жылы түсірілген болатын.

Ол Ричи Тозиер есімді кейіпкердің рөлін сомдады. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы бұл фильм қайта жаңартылды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel