Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрделі ота жасатқан Асхат Садырбай жұртты алаңдатып қойды

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші, "Түнгі студия" бағдарламасының продюсері, журналист Асхат Садырбай күрделі ота жасатып, көпшілікті уайымға салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Садырбай
Асхат Садырбай: UGC
"Құрметті достарым, тілеулестерім! Кешелі бері жазып жатқан дұға-тілектеріңізге мың алғыс! Наркоздан (оңайлыққа соқпаса да) ояндық, отаны да аман-есен сәтті өткіздік! Аллаға сансыз шүкір. Сіздердің дұға-тілектеріңіз үлкен жәрдем берді. Баршаңызға Алла разы болсын!", - деп жазды тележурналист өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Бұған дейін Асхат мырза желідегі "stories" бөліміне күрделі ота жасатқалы жатқанын жариялаған болатын.

Оның денсаулығына алаңдаған жұрт амандық тілеп, отаның сәтті аяқталғанына қуанды.

Дегенмен, тележүргізушінің пышақ астына түсуіне не себеп болғанын білгісі келген көпшілік сұрақтарын қарша боратты.

Осы орайда, NUR.KZ тілшісі Асхат Садырбайдан мән-жайды сұрап білді.

"Бірі білсе, бірі білмес, 2016 жылы таксиде кетіп бара жатып, апатқа ұшыраған едім. Жүргізуші сол жерде қаза тауып, қалған жолаушылары да артынша көз жұмды. Құдай сақтап, мен ғана аман қалдым.
Сол кезде жамбас иық бұғана бірнеше жерден сынған болатын. Осымен екі жыл бойы емделіп келемін. Енді иығыма қойған темірді алып тастады. Ол да оңайға соқпады. Наркозбен отаны үш сағаттай жасады. Қазір шүкір, бәрі артта қалды. Аман болайық", - деді тележурналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1727277-krdeli-ota-zasatkan-ashat-sadyrbaj-zrtty-aladatyp-kojdy/

pixel