RU
Назарбаев пен Путин Сириядағы ахуалды талқылады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев пен Путин Сириядағы ахуалды талқылады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир ПутинФото: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир ПутинФото: Ақорда

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастыққа қатысты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы ахуалды талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Сонымен қатар қос елдің басшысы АҚШ пен оның одақтастарының Сирияға зымыранмен әуеден соққы бергенін талқылаған деп хабарлайды Кремл сайты.

Көшбасшылар "бұл агрессияға толы әрекеттер" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясынсыз жүзеге асырылғанына және "БҰҰ Жарғысы әрі халықаралық құқық қағидалары мен нормасын тікелей бұзатынына" баса назар аударған.

Еске сала кетейік, 14 сәуірге қараған түні АҚШ, Ұлыбритания мен Франция Сирияға әуеден зымыранмен соққы жасады. Дональд Трамптың бұл шешімі Дума қаласындағы химиялық шабуылға жауап ретінде болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
0
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel