RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Рассказать Вконтакте

18 сәуір күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын сақаталады, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы NUR.KZ порталы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңбыр. Көрнекі фото: look.com.ua

Жаңбыр. Көрнекі фото: look.com.ua

Қазақстанның кей жерлерінде тұман, екпінді жел соғады, солтүстікте көктайғақ, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай, шаңды дауыл, бұршақ, күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді, бұршақ болуы ықтимал.

Түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстанда, Алматыда, күндіз Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-22 м/с жетіп, Атырау облысында шаңды дауыл күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады. Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel