RU
Жатын бөлмесіне рұқсатсыз кіретін енесінен шаршаған жігіт әйелін сотқа берді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жатын бөлмесіне рұқсатсыз кіретін енесінен шаршаған жігіт әйелін сотқа берді

Рассказать Вконтакте

Ирландиялық азамат үйіне рұқсатсыз кіріп алған енесінен әбден мезі болғаны соншалық, сол үшін әйелін сотқа берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ене. Көрнекі фото: Акцент

Ене. Көрнекі фото: Акцент

Сотта ол 78 жастағы енесі үйінде қонақтаған кезінде "әдептіліктің шегінен шыққанын" алға тартқан. Айтуынша, енесін әйелі рұқсатсыз үйіне кіргізіп алыпты.

Ал енесі болса олардың жатын бөлмесіне бір ғана іш киімімен есік қақпай кіріп алатынын, шомылған сәтінде рұқсатсыз іш кимдері мен шұлықтарын ақтаратынын айтуда.

Жігіттің шыдамының таусылуына енесінің түнде теледидардан концерт көргені үшін ұрысып бергені себеп болыпты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
6
2
1
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel