RU
Елімізде салық төлеудің жаңа тәртібі енгізілмек
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елімізде салық төлеудің жаңа тәртібі енгізілмек

Рассказать Вконтакте

Бұдан былай біреудің баласын бағып, есігінің алдында шемішке сатып, ескі Маздасымен адам тасып жүрген жалдамалы, тіркелмеген жұмысшылар өзгелермен тең салық төлейтін болады деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: nalog.ru

Көрнекі фото: nalog.ru

Үкімет отырысында бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Жаңа салық тәртібі өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды тіркеп, бейресми жұмыспен айналысатын xалықтың қызметін заңдастыру үшін жасалған.

Жаңа салық тәртібі 4 төлемді біріктірмек. Оған: жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жарналары кіреді. Салық төлемінің мөлшері қала тұрғындары үшін 2405 теңге, ал ауыл тұрғындары үшін 722 теңге болады.

Сондай-ақ, бұл төлем жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтындарға бағытталады. Жаңа салық режимі жеңілдетілген және патент режимдерімен қатар жұмыс істейтін болады.

"Бірыңғай жиынтық төлемінің мөлшері қала тұрғындары үшін айына бір айлық есептік көрсеткішті, ал ауыл тұрғындары үшін 0,3 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем банктер мен терминалдар арқылы азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының шотына аударылады. Мемлекеттік корпорация одан әрі төлемді тиісті қорларға өзі бөледі", - дейді Ұлттық экономика министрі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
24
2
4
1
2
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір