RU
Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбиге ат қойылды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбиге ат қойылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласында қоқыс арасынан табылған сәбиге есім берілді. Мамандар оның аты-жөнін Дамир Дүйсенбек деп жазуды ұйғарған деп хабарлайды КТК арнасы.

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәби. Скриншот: КТК

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәби. Скриншот: КТК

Ұл балаға мұндай есімнің берілуі жайдан жай емес. Қаңтардың дүйсенбісінде емханаға жеткізілген сәбиді дәрігерлер өзара Дүйсенбек деп атап кетсе, балалар үйіндегілер оған Дамир есімін беруді дұрыс деп тапқан.

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбиге есім берілді

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбиге есім берілді

Нәтижесінде нәресте мекемеде Дамир Дүйсенбек деп тіркеліпті. Бүгінгі таңда Дамирдің жағдайы жақсы. Ал салмағы алты келіге жақындап қалған.

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбиге есім берілді

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбиге есім берілді

Сәбиді осыдан үш ай бұрын тұрғындардың бірі қоқыс жәшігінен тауып, полицейлерді шақыртқан.

Далада бір сағат бойы жатып қалған нәресте емханаға жеткізіледі. Ал ұл баланы тастап кеткен көкек ана әзірге еш жерден табылмауда.

"Қазір бұл бала сайтта тұрған жоқ, жетім бала және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға сайт бар. Сол сайтқа әлі енгізілген жоқ. Оның себебі – әлі де іздестіру жұмыстары жалғасуда. Осы іздесіру жұмыстары біткен кезде бұл сайтқа баланы енгіземіз. Сол сайтқа кіргеннен кейін бала бір отбасына барады деген сенімдеміз", - дейді Павлодар облысы мамандандырылған балалар үйі бас дәрігерінің міндетін атқарушы Сандуғаш Смағұлова.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір