RU
Өзбек жігіті алматылық әйелін Қырғызстанға құлдыққа сатпақ болған
Жаңалықтар Қоғам

Өзбек жігіті алматылық әйелін Қырғызстанға құлдыққа сатпақ болған

Рассказать Вконтакте

Алматыда 27 жастағы Өзбекстан азаматы азаматтық некедегі әйелінің екі пәтерін қолды қылып, кейін оның 20 жастағы ұлын өлтірмек болады. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған порталы xабарлайды.

Өзбек жігіт алматылық әйелін Қырғызстанға құлдыққа сатпақшы болды

Өзбек жігіт алматылық әйелін Қырғызстанға құлдыққа сатпақшы болды

45 жастағы алматылық әйел 2015 жылы күйеуімен ажырасқаннан кейін оған қорған болу мақсатында Әуезов ауданының ІІБ қызметкері бөлінген.

Полицей әйелдің үйінде талай болғандықтан, оның пәтері барын біліп жүреді.

Ол жұмыссыз жүрген Өзбекстан азаматын әйелді өзіне ғашық етіп, екі пәтерін қолды қылуға көндіреді. Нәтижесінде Өзбекстан азаматы алматылық әйелдің екі пәтерін алдап иеленіп, кейін сатып жіберген.

"Мен Әлішермен үш ай кездесіп жүрдім. Кейін ол менің бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерімді сатып, менімен бірге бизнес ашқысы келетінін айтты. Ол маған үйленіп, үй сатып алуға уәде етті. Олар мені алдаған екен. Кейін мені Қырғызстанға құлдыққа сатып жібермек болды", - дейді зардап шегуші.

Абырой болғанда, әйел Алматыға қайтып оралған. Ол Өзбекстан азаматының 20 жастағы ұлын өлтірмек болғанын да біліп қояды.

Жыл басында полицей мен Өзбекстан азаматы қамауға алынып, сәйкесінше 18 және 16 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
1
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel