Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар әжетхана қағазының зиян екенін айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

Батыс елдерінің сарапшылары дәретхана қағазының денсаулыққа зиян екенін айтады. Сол үшін оның орнына балаларға арналған сулы салфетка немесе сумен жууға кеңес береді деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әжетхана қағазы денсаулыққа зиян болып шықты
Әжетхана қағазы денсаулыққа зиян болып шықты: UGC

Өйткені дәретхана қағазы тазартпайды, керісінше неше түрлі ауру шақыратын бактерияларды қоздырады екен.

Яғни, несеп ағу жолдарына инфекция түсуіне себепші болады.

Британдық ғалым Роуз Джордж өзінің «Үлкен қажеттілік» кітабында дәретхана қағазынан бас тарту керек екенін жазады.

Джордждың бұл позициясын гастроэнтеролог Парта Нанди де құптайды. Өйткені дәретхана қағазының орнына биде (сумен жуу) қолданса, ол геморрой ауруын болдырмауға себепші екен.

Бірақ биде әр үйде және қоғамдық орындарда бола бермейді. Сол себептен де дәрігер әр кезде өзіңізбен сулы салфетка алып жүруді ұсынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1727310-galymdar-zethana-kagazyny-zian-ekenin-ajtyp-dabyl-kakty/

pixel