RU
Беделді азаматқа тоқал болған қазақ қызы екі баласымен жалғыз қалды
Жаңалықтар Қоғам

Беделді азаматқа тоқал болған қазақ қызы екі баласымен жалғыз қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық бойжеткен кезінде тоқал болғаны үшін және екі баласына бола оған ер азаматтардың үйленгісі келмейтінін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әйел. Көрнекі фото: uduba.com

Әйел. Көрнекі фото: uduba.com

Бибі мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай, кішігірім дүкенге сатушы болып жұмысқа тұрады. Ол өзінен он жас үлкен азаматпен көңіл жарастырғанын есіне алды.

"Мен ол кезде небәрі 17-де едім. Ол тартымды әрі белді азамат болатын. Оның отбасы туралы ештеңе білмедім. Алғашқы махаббатым болғасын, күйеуім атанатынына сенімді болдым. Алайда ол тек тоқалдыққа ала алатынын айтты", - дейді Бибі.

Ер адам бойжеткенге пәтер, көлік пен қымбат заттар алып берген. Алайда Бибінің аяғы ауырлап қалғанда күйеуі оған қол көтеруді шығарады.

"Соққыға жыққаннан кейін балам түсіп қалды. Мен бұны кешіре алмадым. Ал бәйбішесі маған қоқан-лоққы көрсете бастады. Пәтер күйеуімнің атында болғасын, ешқайда кете алмадым. Ата-анама да қайтып оралуға батпадым", - дейді Бибі.

Нәтижесінде үш жыл тоқал болған ару қызды болады. Уақыт өте келе жоғары білім алып, жұмысқа тұрған бойжеткен күйеуімен айырылысуға бел буған.

Бибі жарты жылдан кейін сайт арқылы өзге жігітпен танысып, онымен бірге тұра бастайды.

Жаңа ғашығы Бибі секілді бір рет ажырасқан екен. Одан жүкті болып қалған бойжеткен жігіттің отбасымен танысып, тұрмысқа шығуға дайындалады.

"Ол тұңғышы дүниеге келетініне қатты қуанды. Алайда әкесі біздің отбасын құруымызға қарсы болды. Ол қызымды күйеуім ешуақытта бауырына баспайтынын алға тартты. Нәтижесінде ата-анасына қарсы келе алмаған сүйіктім мені тастап кетті", - дейді Бибі.

Бүгінде екі баласын жалғыз бағып отырған бойжеткен өмірден үлкен сабақ алғанын алға тартты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
6
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel