RU
Аша Матай: "Қалаулым" арқылы Алланың разылығын алып жүрміз
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аша Матай: "Қалаулым" арқылы Алланың разылығын алып жүрміз

Рассказать Вконтакте

Қоғамда қызу талқыға түскен «Қалаулымға» қатысты тағы бір ақпарат пайда болды. Бағдарлама жүргізушісінің сөзіне сенсек, жоба жалғасатын болыпты. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Аша Матай мен Арман Қоңырбаев даулы шоуға қатысты шындықты айтты.

Аша Матай "Қалаулым" жайлы: Алланың разылығын алып жүрген сияқтымын

Аша Матай "Қалаулым" жайлы: Алланың разылығын алып жүрген сияқтымын

«Нақтысын айтайын «Қалаулым» жабылмайды. Біз жұмысымызды жалғастырамыз. Телеарналарда, әр жобаларда демалыс деген болады ғой. Сондықтан жазғы демалысқа кетеміз. Содан кейін Алла қаласа екінші маусым басталады. Жаңа қатысушыларды жинаймыз», - дейді Аша Матай.
Аша Матай "Қалаулым" жайлы: Алланың разылығын алып жүрген сияқтымын

Аша Матай "Қалаулым" жайлы: Алланың разылығын алып жүрген сияқтымын

Атышулы жобаға қатысты жағымсыз пікірлер көп жазылса да, Аша оларға көңіл аудармайтынын айтады. Тележүргізуші «Қалаулымдағы» кәсібін пайдалы іске балайды.

«Менің көңіл-күйім түспейді. Неге десеңіз, мен өзімнің жұмысымды жақсы атқару үстіндемін. Мен жақсы, игі істеп айналысып жүрмін. Себебі шаңырақ көтеру оңай емес. Ал біз оған түрткі болып жатамыз. Сондықтан менің ойымша, Алланың разылығын алып жүрген сияқтымын», - дейді Аша.

Жұртты дүрліктірген жобаға қатысты Арман Қоңырбаевтың да пікірін білген едік.

«Менің азаматтық пікірім бар. Әр нәрсенің жақсы жері мен жаман жері болады. Әрине, жаман жерін іздесең табуға болады. Мысалы, «біздің қазаққа тән емес, ата-бабамыз олай жасамаған. Мұсылмандыққа тән емес», - деген сияқты нәрселер бар. Ішінен оны да табуға болады. Бірақ жақсы жақтары да бар.
Жоба жастарды қосып жатыр. Мысалы менің қаншама достарым бар. Үйлене алмай жүр. Жап-жақсы ақшасын да табады. Жақсы жігіттер, бірақ үйлене алмайды. Неге екенін білмеймін. Қызбен таныса алатын сияқты. Бірақ үйлене алмайды. Осындай достарым көп. Мүмкін «Қалаулым» жобасы жастарға көмектестер деген ой ғой. Бұл жақсы жағы», - дейді Арман Қоңырбаев.

Бұл бағдарламаға қазақ өнеріндегі аға буын да қарсылығын білдірген болатын. Мәселен, Сәкен Майғазиев «Қалаулымды» халыққа жат жоба екенін жеткізген еді.

Аша Матай "Қалаулым" жайлы: Алланың разылығын алып жүрген сияқтымын

Аша Матай "Қалаулым" жайлы: Алланың разылығын алып жүрген сияқтымын

Бірақ Арман мен Аша «Музарттық» әншімен жиі жүздессе де, бұл тақырып аясында әңгіме қозғамағандарын айтады.

«Біз «Қалаулым» жобасы жайлы Сәкен ағамен сөйлескен жоқпыз. Мүмкін ол кісі бізге ренжіген шығар. Сол үшін айтпаған шығар. Бірақ Сәкен ағаны өте қатты сыйлаймыз. Оған дәлел бар. Ол кісі біздің қызымыздың тұсауын кескен. Бір командада футбол ойнадық. Қаншама гастрөлге бірге барғанбыз. Ол Сәкен ағаның өзінің пікірі ғой", - дейді ол.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
16
2
3
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір