RU
Оралды қатынасқа тыйым салған президент: Ауыз тамақ жеуге арналған
Жаңалықтар Әлемде

Оралды қатынасқа тыйым салған президент: Ауыз тамақ жеуге арналған

Рассказать Вконтакте

Шығыс Африка елінің басшысы Йовери Муссевени гомосексуализмге қарсы қолдан келер барлық шараларды қолдануға тырысып жүр. Бұл мәселеге қатысты өзінің асқан наразылығымен танымал саясаткер енді бұл проблеманы түбегейлі жоюға бел буды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Ол Уганда тұрғындарына "оралды қатынасқа" түсуіне тыйым салмақ. Оның ойынша, адамдар өз дене мүшелерінің не үшін қызмет ететін және олардың негізгі қолданыс аясын ұмытқан.

"Мен Уганда тұрғындарының көзін ашқым келеді. Олардың гомосексуалистер насихаттайтын кері жолмен жүргендерін қаламаймын. Оралды қатынас деген жат ұғым. Ауыз қашанда тамақ жеу үшін арналған", - деп айтты ызаланған ел басшысы.

Йовери Муссевини ел тұрғындарына оралды қатынас кезінде адам асқазанына түрлі зиянкестер кіріп кететінін де ескертті. Алайда, президент пікірін құптамайтындар өз наразылығын білдіріп, құқықтарын қорғауға кіріскен. Оларға жауап ретінде ел басшысы қатаң жаза тағайындады.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Айта кетейік, саясаткер 2014 жылы гомосексуалистік тәжірибесі болған адамдарға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын шығарған болатын. Енді президенттің мына тыйымын бұзғандарды осыған ұқсас аса ауыр айып күтіп тұрған секілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір