Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түскі астан келген ер адам әріптесін зорлықшыдан құтқарып қалды (видео)

Опубликовано:

Ресейдегі Красноярск қаласында түскі астан жұмысқа кіріп келе жатқан ер адам әріптесін қылмыскер қолынан аман алып қалды. Бұзақы ақшаны қажетсінбей, бойжеткенді зорламақ болған. Оқиға 12 сәуір күні орын алды деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Оқиға Красноярсктегі кеңсе ғимараттардың бірінде болған. Кіріп келген ер адам алдымен бойжеткенді шақырып алып, ешкім жоқтығына көз жеткізіп алады. Оны ұры санаған қыз жігітке ақша ұсынбақ болған. Алайда, бұзақы оның мақсаты ақша емес, қыздың өзі екенін айтты.

Бойжеткенді жерге жатқызып, оған пышақпен қоқан-лоққы көрсетуге кірісе бергенде, кенеттен кеңсеге кіріп қалған ер адам қылмыскерді тоқтатқан. Бұзақының айласын іске асыруға мүмкіндік бермеген инженер түскі астан қайтып келе жатқан көрінеді.

Ол ойламаған жерден бойжеткенді құтқарып, кеңсе батыры атанып кетті. Оған арнайы марапат та жасаған. Алайда, инженер өзінің әрекетін асқан ерлік деп санамаса керек. Ол бар болғаны ер азаматтық борышымды ғана орындадым дейді.

Зардап шеккен бойжеткен қол жарақатын алып қалғандықтан, денсаулыққа байланысты демалыс күндерін алған.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Ал қылмыскер болса өз әрекетінің мақсатын дұрыс түсіндіре де алмады. Оған кемінде екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1727328-tski-astan-kelgen-er-adam-riptesin-zorlyksydan-ktkaryp-kaldy-video/

pixel