RU
Аиша суда босанды: Бүркіт үшінші сәбиінің кіндігін өзі кескен
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аиша суда босанды: Бүркіт үшінші сәбиінің кіндігін өзі кескен

Рассказать Вконтакте

Күні кеше танымал әнші Бүркіттің жары үшінші сәбиін дүниеге алып келді. Аиша өзі айтқандай суда босанған. Ал баланың кіндігін дәрігер емес, әкесі кескен деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүркіт пен Аиша. Фото: Instagram

Бүркіт пен Аиша. Фото: Instagram

Жұлдызды жұп нәрестеге есім таңдап үлгермеген.

"Толғағым түнгі 3-те басталды. Бұл жолғы толғағым ауыр болды. Мүмкін қыз балада солай болатын шығар. Суда босану уақытында жеңілдік сыйлайды екен. Менің тілегім бойынша Бүркіт қызымыздың кіндігін өзі кесті. Бірақ босанғанда серіктес болмады", - дейді Аиша.

Бұл қуанышты хабар тарағалы, жұлдызды жұптың телефондарына тыныштық болмапты.

"Кешелі бері тыныштық жоқ. Телефонымыз бір дамылдамады. Бәрі қуанышымызды бөлісіп, құттықтап жатыр", - деді әншінің жары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
6
1
2
4
23
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel