RU
Нанға кетіп оралмаған: Ақмола облысында жоғалып кеткен әйелді іздестіріп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Нанға кетіп оралмаған: Ақмола облысында жоғалып кеткен әйелді іздестіріп жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысындағы Қажымұқан аулының тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті. Зейнеткерді полиция қызметкерлері мен еріктілер белсенді түрде іздестіріп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Облыстық баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1941 жылы туылған әжей Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан ауылында қызының қолында тұрып жатқан.

16 сәуір күні сағат 15:00 шамасында ол нан сатып алуға кетіп, содан кейін үйіне қайтып келмеді. Дүкен сатушысы әжейдің екі тандыр нан алып кеткенін растады.

Жоғалып кеткен қарт ананы іздестіру сол күні сағат 23:00 шамасында басталған. Оған полиция қызметкерлері мен еріктілер біріге отырып ат салысты.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, әжейді елордаға баратын тас жол бойынан көргендер болыпты.

Туыстарының айтуынша, соңғы кездері ол ауруды басатын дәрілерді ішіп бастағандықтан, елді-мекеннің өзінде адасып кететін болған. Іздестіру жұмыстары әлі нәтиже берген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір