RU
Әйелінің орнына ыдыс-аяқ жуатын қазақ жігіті еркектерді өзгеруге шақырды
Жаңалықтар Қоғам

Әйелінің орнына ыдыс-аяқ жуатын қазақ жігіті еркектерді өзгеруге шақырды

Рассказать Вконтакте

Алматылық Марат А. өзін профеминист деп атайды. Ер адам елімізде қалыптасып қалған ескілік көзқарастарды жою керек деген пікірде деп хабарлайды NUR.KZ.

Жігіт. Көрнекі фото: kakprosto.ru

Жігіт. Көрнекі фото: kakprosto.ru

Марат Қазақстанда әйелдер әлдеқайда батыл екенін алға тартты.

"Мен қарым-қатынаста басымдылығымды көрсеткенді ұнатпаймын. Феминистер қозғалысына құрметпен қараймын. Қазақстанда ерлерден гөрі әйелдер батылырақ секілді", - дейді ол.

Ұзақ жылдар бойы ерлерді әйелдерден жоғары санап келген азамат жеке өмірінде көп қиындықтар болғанын айтуда. Алайда бүгінде өмірлік жарын тапқан Марат көзқарасын түбегейлі өзгерткен.

«Біз үй шаруасын теңдей бөлеміз. Тіпті ыдыс-аяқ жуғанға таласып қалып жатамыз. Ал әйелім маған сөрені құру кезінде көмектесті", - дейді Марат.

Жас жігіт бүгінгі таңда қыздар бар үй шаруасын өзі реттеуге міндетті деген пікірмен өмір сүретінін жасырмады.

"Біз адамдарға шектеу қоямыз. Ер бала бәріне қол жеткізе білуі керек, ал қыз бала айтқаныңды бұлжытпай орындайтын әрі ұялшақ жан болуы тиіс деген пікір қалыптасқан. Бұл жақсылыққа апармайды. Мұндай жүйе әйелдерге ғана емес, ерлерге де кесірін тигізуде", - деп жалғастырды ол.

Ескілік көзқарастан арылуға шақырған азамат қазақ қыздарының шетелдікке тұрмысқа шығуына қатысты өз ойын ортаға салды.

"Ұлттық бағыттағы мұндай ойлар маған таңсық... Бұл патриархат моделі адамды кемсітуге бағытталған. Ұлы ұлт өзгеден жоғары және өзгелерді кемсітуге болады дегенге саяды", - деп ойын түйді Марат.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
1
2
1
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір