RU
АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды

Рассказать Вконтакте

Американың бұрынғы президенті Джордж Буштың жұбайы Барбара Буш 92 жастан асқан шағында өмірден өтті. АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымының өлімі жайлы оның туыстары мәлім етті деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Американың 41-ші президентінің әйелі ұзақ жылдар бойы Грейвс ауруынан айыға алмай жүрген. Аса ауыр аутоиммунды дерт қалқанша безді зақымдап, артынша тиреоидті гормондармен улануға әкеп соқтырады.

Оның үстіне, Барбара Буш жүрегі мен асқазанына күрделі ота жасатқан. Бұрынғы бірінші ханым сондай-ақ бронхитке де шалдықты.

15 сәуір күні сәтсіз аяқталған емдік шаралардан кейін ол ары қарай жаңа ем түрлерін қабылдаудан бас тартқан. Барбара Бүш қалған өмірін отбасымен өткізуді ұйғарды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір