RU
Алматыда автобус жүргізушісі бойжеткенді қағып өлтірді (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда автобус жүргізушісі бойжеткенді қағып өлтірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда жолаушылар автобусы қаққан бойжеткен тіл тартпай кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда автобус жүргізушісі бойжеткенді қағып өлтірді. Фото: zakon.kz

Алматыда автобус жүргізушісі бойжеткенді қағып өлтірді. Фото: zakon.kz

Қайғылы жағдай Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, №126 автобус Төле би көшесімен келе жатқан.

Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

Бағдаршамның жасыл түсі ауысуға шақ қалғанда жол қиылысынан өтіп үлгермек болған автобус жолды кесіп өтуге оқталған бойжеткенді қағады. Қатты соққыдан зардап шеккен қыз 20 метр қашықтыққа ұшып түскен.

Алматыда автобус жүргізушісі бойжеткенді қағып өлтірді (фото)

Алматыда автобус жүргізушісі бойжеткенді қағып өлтірді (фото)

Sputnik Қазақстанның мәліметіне сәйкес, дәрігерлер 30-40 минут бойы бойжеткеннің өмірі үшін күрескен. Алайда 24 жастағы бойжеткен алған жарақаттарынан тіл тартпай кетті. Полиция тергеу жүргізуде.

Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
22
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір