RU
Алматылық азамат 12 жылдан бері Атырауға кеткен әпкесін таба алмай жүр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық азамат 12 жылдан бері Атырауға кеткен әпкесін таба алмай жүр (фото)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне алматылық азамат хат жолдап, 12 жыл бұрын жоғалып кеткен әпкесін табуға көмек сұрады.

Илья Ахметова. Фото: NUR.KZ

Илья Ахметова. Фото: NUR.KZ

1962 жылы туған Ахметова Илья Шамшетовна 40 жасында Атырау қаласына жұмыс істеуге кетеді. Сол кеткеннен 16 жыл уақыт өтсе де, туған-туысқандарына еш хабарласпапты.

"Осы уақытқа дейін хабарласпаған жеріміз жоқ. Атырауға барып іздеп те көрдік. Полицияға да өтініш жазғанбыз. Бірақ еш нәтиже болмай отыр", - дейді жиен інісі Нұрбол.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Азаматтың сөзіне сүйенсек, Ильяның Атырау қаласындағы теміржол вокзалында балық сатып тұрғанын көрген адамдар бар екен. Бірақ туыстары ол жерден де жақындарын іздеп таба алмапты.

2002 жылға дейін де Илья Атырауға барып, жұмыс істеп жүрген екен. Ол кезде байланысуға мүмкіндік болмай, 1-2 жыл сайын Алматыға келіп, туыстарымен көрісіп тұрыпты.

"Әпкем бұрын Өзбекстан азаматы болған. Ал Қазақстанға келгелі еш жерге тіркеліп, азаматтықты рәсімдемеген. Оны біреулер құлдыққа салып, қамап отыр ма деп қорқамыз. Өтініш, табуға көмек беріңіздерші", - дейді азамат.

Туысы үшін алаңдап, оны жан ұшыра іздеп жүрген інісі Илья Ахметованы көрген-білгендер болса +7 702 419 64 65 немесе +7 778 587 08 02 нөмірлеріне хабарласуын өтініп сұрайды.

Илья Ахметова. Фото: NUR.KZ

Илья Ахметова. Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel