RU
16 жастағы "Қазақстан аруы": Мисс болсам да, мұғалімдікті тастамаймын (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

16 жастағы "Қазақстан аруы": Мисс болсам да, мұғалімдікті тастамаймын (фото)

Рассказать Вконтакте

Жуырда ғана «Қазақстан аруы- 2018» бас жүлдені жеңіп алған 16 жастағы атыраулық Альфия Ерсайын қазіргі таңда мектепте сабақ беруде. Еліміздегі ең әдемі ару деп танылған бойжеткен болашақтағы жоспарларымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

16 жастағы "Қазақстан аруы" мектепте сабақ беріп жүр (фото)

16 жастағы "Қазақстан аруы" мектепте сабақ беріп жүр (фото)

"Ақ Жайық" газетіне сұқбат берген бойжеткен өзі туралы көптеген мәліметтермен бөлісті.

"Мен Атырау облысы Мақат ауданы Байшонас поселкесінде 2001 жылы тудым. Әкем Қарсақ мұнай кенорнында оператор болып жұмыс жасайды, анам үйде, отбасында үш баламыз: апам тұрмысқа шықты, ағам – студент. Қазір жасым 16-да. 2013 жылы Байшонасты облыс орталығына көшірген болатын.
Біз де отбасымызбен Атырауға көшіп келдік. Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі» мамандығының ІІ курс студентімін. Кейін осы мамандық бойынша ЖОО-ға түсемін. Болашақта мұғалім болғым келеді. Қазір мектепте тағылымдамадан өтіп жатырмын. Ұстаздық жолын таңдауым қате болмағанын түсіндім", - дейді ол.

Айтуынша, қазіргі таңда ол мектепте сабақ беріп, тәжірибе жинақтауда.

16 жастағы "Қазақстан аруы" мектепте сабақ беріп жүр (фото)

16 жастағы "Қазақстан аруы" мектепте сабақ беріп жүр (фото)

"Астанадан келгеннен соң, 2 күн демалып, мектепке тағылымдамаға шығып кеттім. Оқушыларым мектеп дәлізінде көріп, менімен суретке түсіп жатады. Бұл - күлкілі әрі қуанышты. Тіпті кейбір оқушылар «Бізге Альфия апай сабақ берсінші» деп сынып жетекшілеріне өтініш айтады екен (күлді). Мектеп ұстаздары да білмегенімді үйретіп жатыр", - деп бөлісті ол.

Сонымен бірге, ең сұлу ару болашақта мамандығы бойынша жұмыс істейтінін жасырмады.

"Оқушыларға білім беру менің басты өмірлік мамандығым болады. Қазір жасым небәрі 16-да. Бәріне үлгеремін деп ойлаймын. Жоспарым көп, бірақ мұғалімдікті тастамаймын. Кетпек емеспін", - деді ол.

Альфияның айтуынша, өзі туралы айтылған жағымсыз пікірлер мен желіде тарап кеткен видеодан соң ол үш күн үйден шықпай жатып алған.

16 жастағы "Қазақстан аруы" мектепте сабақ беріп жүр (фото)

16 жастағы "Қазақстан аруы" мектепте сабақ беріп жүр (фото)

"Басында қобалжыдым, алайда мен сында сынып қалатын қыз емеспін. Негізі мінезім - жайлы, жайдарлы қызбен. Айтпақшы, Атырау аруы атанған кезде мен туралы жағымсыз бейнежазба таралды. Осы бейнежазбаны көріп, көңіл-күйім түсіп, 3 күн үйден шықпай қойған болатынмын. Кейін тағы да болды. Уақыт өте етім үйренді. Ата-анам, бауырларым арнайы елордаға келіп, мені қолдады. Солардың арқасында жағымсыз пікірлердің ешқайсына мән бермедім. Мені қолдаған барлық қазақстандықтарға алғыс білдіремін!", - дейді Альфия.

16 жасар сұлу қазіргі кезде "Әлем аруы" байқауына дайындалып жатқанын тілге тиек етті.

"Әлемнің 150-ден астам ең сұлу қыздары қатысатын бұл байқауға дайындықты бастадық. Қазір ағылшын тілін меңгеру үстіндемін. Өйткені әлем аруы Ұлыбританияның астанасы Лондонда өтеді. Нақталап өтпей-ақ қояйын, нәтижесін көресіздер", - деді бойжеткен.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
8
1
3
1
2
17
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір