RU
Министр Атамқұлов Нығматулинге жауап беремін деп депутаттарды күлдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Министр Атамқұлов Нығматулинге жауап беремін деп депутаттарды күлдірді

Рассказать Вконтакте

Мәжілісте төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулиннің сұрағына жауап берген Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі депутаттардың күлкісіне қалды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Депутат Сергей Звольский Қорғаныс министрі Бейбіт Атамқұловтан жер серіктерінен алынған суреттердің неге жарамсыз екенін сұрады.

Оның айтуынша, 2018-2022 жылдарға арналған бюджетте ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін ғарыш суреттерін сатып алуға 1,8 млрд теңге қарастырылған.

"Бірақ сенатта аграрлық мәселелер бойынша өткен техникалық отырыста ауыл шаруашылығы министрлігі суреттердің 75 проценті жарамсыз екенін айтты. Болашақта министрлік ұлттық компанияның қызметтерінен бас тартуды жоспарлап отыр. Айтыңызшы сонда, егер суреттердің ешкімге қажеті болмаса, онда мұндай шығысты жоспарлаудың не керегі бар?", — деді депутат.

"Өте орынды сұрақ. Қазір суреттерді интернеттен де алуға болады деген қате түсінік бар. Бізде интернеттің үш ресурсы бар, 20 метр диапазонда суреттерді тегін ұсынатын спутниктер. Біздің жер серіктері 1 және 6,5 метр диапазонда жұмыс істейді. Суреттердің сапасына қатысты айтар болсам, бұған дейін ұсынылған суреттер – бұл спутниктердің жерүсті өңдеуінің техникалық шешімі...", — деді Атамқұлов.

Осы кезде спикер Нұрлан Нығматулин министрден жауабын нақтылауды сұрады.

"Сонымен, сапаны қамтамасыз етесіздер ме, жоқ па? Бір сауалдың төңірегінде айналшықтап жүріп алдыңыз ғой. Мен сізге анықтаманы оқып берейін. Ауыл шаруашылығы министрлігі сұрақты дұрыс қойып отыр. Ақша төлейсіз, суреттердің 75 проценті жарамсыз...

Бұл мемлекеттің ақшасы емес пе, сізге мемлекеттік тапсырыс беріліп отыр. Содан кейін, аграрийлер үшін 75 пайызы жарамсыз болса, онда кім алады бұл суреттерді? Басқалармен алмасасыз ба, өзіңіз түсірісесіз бе, әйтеуір ауыл шаруашылығы министрлігін қамтамасыз етіңіз", — деді Нығматулин.

Спикер егер ауыл шаруашылығы министрлігінің суреттерге тағы көңілі толмаса, онда ведомство аталған қызмет бойынша басқа компанияларға тапсырыс беретінін айтып "қорқытты".

"Қамтамасыз етеміз. Бұған қоса, біздің суреттердің бағасы шет елдің коммерциялық ұйымдарына қарағанда бірнеше есе арзан", — деді Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы.

Министрдің бұл жауабы депутаттарды біраз күлдірді.

"Сіз қазір министр сияқты емес, Алай базарының "менің тауарым жаман, бірақ арзан" дейтін танымал қатысушысы сияқты сөйледіңіз", — деп күлді Нығматулин.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
2
1
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір