RU
Ақтөбелік келіншек мектепке бармаған өгей қызы үшін елден көмек сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік келіншек мектепке бармаған өгей қызы үшін елден көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде оралмандар отбасында тәрбиеленіп жатқан жеті жасар Арай әлі күнге йін мектепке бармаған. Жеткіншек биылғы оқу жылынан да қалып қоямын ба деп қорқады. Өгей анасының тәрбиесіндегі кішкентай қыздың құжаттары толық реттелмеген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе

Оқу жылының басында Өзбекстаннан кешігіп келген баланы Ақтөбедегі қала мектептері сабаққа алмағанға ұқсайды. Өгей анасы баланы өзінің атына жазып, сабаққа жіберуді қалайды.

"Жолдасымның бірінші некеден болған қызын бауырыма басқым келеді. Оның анасы баланы шешесіне тастап, тұрмысқа шығып кеткен. Ол жақтан бізге нағашы әжесі хабарласып, бала әкесіне керек болса алып кетуімізді сұрады. Әйтпесе балалар үйіне тапсыратынын айтты.

Қыз бала - тілекші, қонақ. Мен жолдасыма баланы бауырыма басуға өтініш айтып, бірден Өзбекстанға жолға шықтым. Ол жақтан баланың анасының «қарсы емеспін» деген арызын жазғызып, құжаттарын реттеп Ақтөбеге алып келдім", - дейді Қамар Артықова.

Ақтөбе

29 жастағы келіншектің екі ұлы бар. 2013 жылы Өзбекстаннан көшіп келген.

Қазір жолдасымен бірге қала сыртындағы саяжайда салып алған үйде тұрып жатыр.

«Мен баланы алғанда оны үлде мен бүлдеге орап қоятын жағдайым жоқ екенін, өз балаларыма бергенді оның да ауызына тосатынымды айттым. Әкелген кезімде баланың еш күтімі болған жоқ. Үстіндегі барлық киімдерін жағып, қайта киіндірдім. Үсті-басын тазаладым.

Бала 7 жасқа жақындаса да, кіші дәретін ұстай алмайтын болды. Балалар гинекологиясына апарып, ем жасадым. Өзім бұрын медбике болып жасағаннан кейін балалардың денсаулығына көңіл бөлуге тырысамын.

Бұл қыздың көз жасы балаларыма тиіп кетер деп қорықтым. Сол себепті де мен оны жылатпай тәрбие бергім келеді», - дейді келіншек.

«Баланың анасы деген жерге өзімді тіркегім келеді. Ертең балаларым ер жеткен кезде "әпкеміздің анасы неге бөлек?" деп айтпаса екен деймін. Осыған NUR.KZ порталының оқырмандары көмектессе деген тілегім бар.

Мен баланы қазанда қалаға әкелгеннен кейін қаладағы №8, №13мектепке бардым. Сабақ уақытының басталып кеткенін, бала санының толық екенін айтып қызымды ала алмайтынын айтты.

Бұл баланың анасы басқа деп биылғы жылы да сабақтан қалып қоя ма деп қорқамын. Арай қазір барлық әріптерді таниды. 50-ге дейін санап жүр», - дейді Қамар Артықова.
Ақтөбе

Отбасының жағдайын айтып, қалалық білім бөліміне хабарласқанымызда, мамандар қол ұшын созуға дайын екенін айтты.

«Бұл отбасы бізге жағдайын айтып келген жоқ. Мектеп жасындағы баланың сабаққа баруына жағдай жасалады. Анасы қолында бар құжаттармен білім бөліміне келу керек», -дейді қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлназ Сартбайқызы.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
1
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір