RU

Қазақстан әскері қуаттылығы жөнінен Өзбекстаннан қалып қойды

Global Firepower ұйымы кезекті рет әлемдегі қуатты армиялардың тізімін жасады. Бұл жолы да алғашқы үштік өзгеріссіз қалды. Ал Қазақстан 50-ші орынға тұрақатаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан әскері. Фото: Sputnik Қазақстан
Қазақстан әскері. Фото: Sputnik Қазақстан: UGC

Әскерінің қуаттылығы жөнінен АҚШ бірінші орынды берер емес. Америка әскері 19 ұшақ тасығышы, 13 мың ұшақ және тікұшақ қорымен мақтанады.

Екінші орында Ресей орналасқан. Ресей әскері бронотехника бойынша ешкімге дес берер емес.

Үшінші орында адам санының көптігімен Қытай тұр. Төртінші орынды Үндістан, бесінші орынды Франция әскері иеленген.

ТМД елдерінің ішінде Өзбекстан 39-шы, Беларусь 41-ші орынды иемденген. Ал Қазақстан Сирия мен Эфиопияның ортасында, 50-ші сатыда тұр.

Компания рейтингті түзу кезінде 50-ге жуық факторға зерттеу жасады. Ядролық арсеналы бар елдер мен НАТО-ға мүше елдер қосымша балл иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1727405-kazakstan-skeri-kuattylygy-zninen-zbekstannan-kalyp-kojdy.html