RU
Үндістанда жолаушыларды толтырып тойға бара жатқан көлік көпірден құлап кетті (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Үндістанда жолаушыларды толтырып тойға бара жатқан көлік көпірден құлап кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында 17 сәуір күні жолаушыларды тасымалдайтын жүк көлік көпірден құлап кетті. Оқиғадан шамамен 30-ға жуық жолуашы жарақат алып, 20 шақты адам көз жұмған деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Жол-көлік оқиғасы штат астанасы Бхопал қаласынан 570 шақырым қашықтықта орын алған. ТАСС агенттігінің мәлімдеуінше, соңғы кездері Үндістанда көліктердің биіктіктен құлап жатқан оқиғалары көбейіп кетті.

Алдын-ала берілген мәлімет бойынша көпірге шыға берген кезде жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, нәтижесінде жүк көлігі жолаушыларымен бірге Сон өзеніне құлап кеткен.

Төтенше жағдай орнында әлі де құтқару жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіп, тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Жол-көлік апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы көрші ауылға тойға бара жатқаны белгілі болды.

Айта кетейік, осыған дейін Үндістанның Химачал-Прадеш штатында мектеп автобусының қатысуымен жол апаты болған. Салдарынан кем дегенде 26 бала қаза тапты.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір