RU
Солтүстіктің тойына барған шымкенттік ару естен кетпес оқиғаларымен бөлісті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Солтүстіктің тойына барған шымкенттік ару естен кетпес оқиғаларымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Алуа есімді шымкенттік бойжеткен Петропавл қаласының тумасына тұрмысқа шыққан құрбысының тойына барып таңғалысын жасырмады. Айтуынша, ол тойдағы дастарханды көріп, жағасын ұстаған. Оңтүстік пен солтүстіктің ерекшелігі бірден көзге түскенін жеткізген Алуа өз әсерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Солтүстіктің тойына барған шымкенттік бойжеткен жағасын ұстағанын айтты

Көрнекі фото: comode.kz

Алуа бұдан бірер жыл бұрын Петропавл қаласында өтетін құрбысының тойына қызжолдас болып барған.

"Астанадан таксимен келгендіктен, жолдан қатты шаршадым. Тойға бара сала жақсылап тамақтанып аламын деп ойладым. Алайда менің бұл ойым іске аспады. Тойдағы дастарханды көріп, мүлдем таңғалдым. Себебі онда мен жейтін ешнәрсе болмады. Селедка, маринадталған көкөністер, сонымен бірге саңырауқұлақтан жасалған салаттар секілді бізде ешқашан тойда қойылмайтын тағамдарды ұсынды.

Одан бөлек суда қайнатылған тауық етін қоя салған. Олардың өзі дәмсіз әрі түрі де тәбетіңді ашатындай емес күйде болды. Мұның барлығы мен үшін ерсі көрінді ", - деп есіне алады бойжеткен.

Солтүстіктің тойына барған шымкенттік бойжеткен жағасын ұстағанын айтты

Көрнекі фото: ostrnum.com

"Мені тағы бір таңғалдырғаны, тойда жастар да, ақсақалдар мен қарт әйелдер де ақ арақты ешкімнен қымсынбастан сіміріп отыр. Бізде де ішеді, алайда елге көрсетпей, ақырындап, үлкендерден қорқа-қорқа ішеді ғой. Ал үлкен апа-аталар мүлдем ішпейді. Сондықтан олардың бұл әрекеті мені қатты таңғалдырды", - дейді Алуа.

Бойжеткен сол күні мүлдем тағамнан ауыз тимегенін және солтүстіктегілердің дастарханына наразы болғанын жеткізді.

"Мен солтүстікте етті керемет асады, өте дәмді болады дегенді көп естігенмін. Алайда үстелге тұзы аз, дәмсіз ет қойды. Тойдан кейін ойын-сауық орталығына барып, тойғанша суши жедім. Сол күнгі ашыққанымды ешқашан ұмытпаспын", - дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
61
26
6
7
1
36
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel