RU
Астанада қыруар қаржыға салынған жылы аялдамалар қаңғыбастардың үйіне айналған
Жаңалықтар Қоғам

Астанада қыруар қаржыға салынған жылы аялдамалар қаңғыбастардың үйіне айналған

Рассказать Вконтакте

Астанада миллиондаған қаржыға салынған жылы аялдамалар қаңғыбастардың баспанасына айналған. Қала тұрғындары үйсіз жандар оны паналап қана қоймай, ластап кетеді дейді. Бұл туралы Еуразия 1 арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: today.kz

Фото: today.kz

Елордада күн жылынып, көктем келсе де жылы аялдамаға келіп түнейтін қаңғыбастардың легі азаятын емес. Олар тіпті, онда ішімдік ішіп, темекі шегіп, дәрет сындыратын көрінеді.

"Келсек мына жерде ішіп алған мастар жатады. Не айтқаныңа көнбейді, шық десең шықпайды. Тазалық жоқ, ешкім жинамайды ғой деймін", - дейді астаналықтар.

Ал Жирентаев көшесінің бойындағы аялдамада тіпті, тұрғындар отыратын орындықтың сау-тамтығы қалмаған. Оны белгісіз біреулер сындырып кеткен.

"Мен зейнеткермін, сөмкеммен келіп отыра қалайын десең, аялдаманың түрі мынау? Мұны неге ешкім көрмейді? Сонда аялдама қала тұрғындары емес, бомждар үшін салынды ма?", - деп кейіді астаналық зейнеткер.

Ал, әкімдегілер болса, аталған жайтқа қатысты бейхабар болып шыққан тәрізді. Олар "қандай да бір келеңсіздік көрсеңіздер, 102 номеріне хабарласыңыздар" деп қысқа жауап берген көрінеді.

Айта кетерлігі, елордада мұндай аялдамалар 2015 жылдан бастап салына бастаған. Қазір қала бойынша жылы аялдамалардың саны 27 екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
1
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір