RU
Көшесін су алып кеткен шымкенттіктер биліктен жанұшыра көмек сұрауда (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Көшесін су алып кеткен шымкенттіктер биліктен жанұшыра көмек сұрауда (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласы Жандосов көшесінің тұрғындары NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хабарласып, су алып кеткен жолдарының мұңын шақты. Айтуыларынша, қала орталығындағы жолды тегістей су басқаннан, кейбір үйлер құлауға айналған.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Шымкент қаласындағы Самал-1 мөлтек ауданы, Жандосов көшесінде (Бауыржан Момышұлы көшесімен қиылысы) су ағып кететін арық жоқ. Салдарынан жаңбыр суы көшеде жиналып, үйлердің арасы көлге айналған. Тұрғындардың айтуынша, ол жерден жас бала түгілі, ересектер де өте алмайды. Тек көлікпен ғана әзер шығып күнелтіп келеді.

"Көктем басталғалы еріген қар мен жаңбырдан көшеміз бір құрғамады. Қазір тіпті, көл болып жатыр. Мәселемізді айтып қала әкімдігіне, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарластық. Олар біріне-бірі сілтеп, проблеманы шешудің орнына, әрқайсысы басын алып қашады", - деп ашынды тұрғын.

Осыған дейін жаңбыр суы Жандосов көшесіндегі № 202, 203 үйлерге қарай ағып кеткендіктен, жолда су жиналып қалмайтын болған. Алайда ол үйлер әбден судың астында қалып, қазір қабырғалары жарылып, құлайын деп тұр екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Көшенің бар суы біздің үйге ағатын болғандықтан, есіктің алдына тас төсеп тастадық. Себебі жанымызда бір үй құлап қалды. Енді біздің де үй құламасын деп алдын алдық. Онсыз да қабырғаларымыз жарылып, дуалдар үгітіліп кетейін деп тұр.

Басшылық неге осыны көрмейді? Көлдің жанында тұрмай-ақ су алып жатырмыз. Не деген масқара?! Басшылыққа қанша хабарлассақ та нәтиже жоқ. Әбден қиналып кеттік. Үйіміз құлап қалса қайда барамыз?", - деп жылады тұрғын.

Қала басшылығынан көмек сұрап шырылдаған халық су алған көшелеріне құдық немесе су ағып кететін арық қазып беруін өтініп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel