RU
ОҚО-да алты баласымен жесір қалған әйел күйеуін өлтірген екі ауылдасына кешірім берді
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да алты баласымен жесір қалған әйел күйеуін өлтірген екі ауылдасына кешірім берді

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да ауылдасын өлтірген екі сотталушы 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Алты баласымен жесір қалған әйелі күйеуін өлтірген қандықол қылмыскерлерге кешірім берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Сот үкімін тыңдаушылар

Сот үкімін тыңдаушылар

Төлеби ауданында бір ауылдың тұрғыны ауылдасының өліміне себепкер болған. Туыстарын түнімен іздеген отбасы жақындарының өлі денесін қорым басынан тапқан.

Марқұмның жары Ғалия Нұралиеваның айтуынша, күйеуінің өлімі сол күйі жұмбақ болып қалған.

"Не үшін өлтіргенін білмеймін. Бізге сол күйі жұмбақ болып қалды. Он екі қабырғасын сындырған. Миы шашылып кеткен. Олар сияқты күйеуім есірткі шекпейтін де еді. Алты баламмен қалдым. Жұмыс істемеймін. Күйеуімнің зейнетақысына күнелтіп жүрген келген едік. Марқұм екінші топтағы мүгедек еді", - деген әйел сотталушылардан моральдық, материалдық шығынды төлеп беруін талап етіп отыр.

"Менің талап еткен ақшамды төлеп берсін. Күйеуім кеткелі алты айдан бері аяқтан тоздым. Мен бұларға аналық жүрекпен кешірім де бергенмін", - дейді Ғалия Нұралиева.

Сот ауылдасын өлтірген екі айыпталушының да апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Енді қылмыскерлер 17 жылын темір торда арғы жағында өткізетін болады.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
6
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір