RU
Ауа райы болжамы: Күн 28 градусқа дейін жылынады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы болжамы: Күн 28 градусқа дейін жылынады

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер 19-21 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Twitter

Көрнекі фото: Twitter

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклонға байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі.

"21 сәуірге қарай оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температура 18-23, қиыр оңтүстікте 25-28, шығыста және орталықта 13-21 градусқа дейін көтеріліп, солтүстікте 10-18 градусқа дейін жылынады", — дейді мамандар.

Тек республиканың батыс облыстарында кезекті суық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр және қар аралас жауын жауып, температура төмендеуі күтіледі.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel