RU
Алматы облысында екі бірдей оқушы із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында екі бірдей оқушы із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал журналист Гүлмира Әбіқай Алматы маңындағы елдімекенді екі бірдей қыздың жоғалып кеткенін жазды. 14 жастағы 9-сынып оқушыларының бірі 15 сәуір күні жоғалса, екіншісі 16 сәуірден бастап іздестірілуде деп хабарлайды журналистің Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы маңында 14 жасар екі мектеп оқушысы жоғалып кетті

Жоғалған Малика мен Әйгерім. Фото: Instagram/Гүлмира Әбіқай

"Қыздар жоғалды! Алматы облысы Қарасай ауданында екі күнде екі қыз жоғалды. Екеуі де 14 жасстағы 9-сынып оқушылары. Екеуі де Алматының сырттан нөпір халық көшіп келген ауданында тұрады.

Қызыл футболкадағы Малика Орақбаева. 15.04.2018 ж. шамамен сағат 15:20-да Төле би - Момышұлы көшелерінің қиылысынан Қарғалы ауылы (п. Фабричныйға) таксиге отырады. 16-00 шамасында "Алтын орда" базарынан өтіп бара жатырмын деп тілдескен үй-ішімен. Содан ұшты-күйлі жоқ. Негізі, жеткіншек ауылында ата-әжесінің қолында оқиды. Жалғызбасты анасы Алматыда жұмыс істейді, әр жұма-жексенбі күндері келіп-кетіп жүрген. Полиция тел байланысын тексере келе қыздың Алматы аумағынан шықпағанын айтады. Таксист кім? 14 жасар қызды кім ұстап отыр? Қайда екен? Тірі ма екен?", - деп жазды журналист.

Сонымен бірге ол жоғалған екінші қыз туралы ақпаратпен де бөлісе кетті.

"Ақ жейде киген Айгерім Усупбекова. Оның да жасы 14-те. Ол да ата-анасы жоқ толыққанды емес отбасынан. Көлащы ауылындағы нағашы апасының қолында оқиды. 16.04.2018ж. екінші сабақтан қазір келемін деп сұранып кеткен күйі ұшты-күйлі жоқ. Айта кетейік, Әйгерімнің 17 жасар жігіті бар.
Нұрлан қызды көрмегелі 6-7 күн болды, өзім екі күннен бері ұйықтамай жүрмін дейді. Жоғалған сүйіктісінің фотосын "Алтын орда" базары маңында жабыстырып, көмектесуде. Бұл жерде тағы сол сауал: таксист кім? 14 жасар қызды кім ұстап отыр?Қайда екен? Тірі ма екен? Кімде-кім оқушы қыздарды көріп, танып, байқаса хабарласыңыздар!

Қыздардың тағдырына алаңдаған журналист: "Маньяктың қолына түспей жәй жасөспірімдік еркелік болсыншы бұл қылығы деп тілеймін", - деп жазған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
6
0
18
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel