RU
Бекболат Тілеухан: Балаңның жөргегін жуа салғанның сөкеттігі жоқ
Жаңалықтар Қоғам

Бекболат Тілеухан: Балаңның жөргегін жуа салғанның сөкеттігі жоқ

Рассказать Вконтакте

Белгілі қоғам қайраткері, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан қоғамдағы түйткілді мәселелерге тоқталып, өмірде ағат кеткен жерлері бар екенін мойындады деп хабарлайды el.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Baq.kz

Baq.kz

Басылымға сұхбат берген ол, қоғамда орын алып жатқан бірқатар келеңсіз жайттарды тізіп берген.

"Жаңа туған сәбиді күресінге лақтырып жатқанның, әке-шешесін қарттар үйіне өткізіп жатқанның, аборт жасатудың куәсі болып жатырмыз. Адамгершіліктің құлдырып жатқанының куәсіміз және бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде солай",-деп жауап берген қоғам белсендісі.

Ал басылымның елу жылдан кейін ел есінде кім ретінде қалғыңыз келеді деген сауалына "маған бәрібір, бастысы жаман атың қалып, қарғыс айтпаса болды" дейді. Сондай-ақ, ол "ағат кеткен жерлері болғанымен, ештеңе өкінбейтінін" алға тартқан.

Депутаттың сөзінше, "ер адамның үй ішіне араласуы біздің қоғамда сәл томпақ көрінгенімен, онда тұрған ештеңе жоқ" екен.

"Балаңның жөргегін жусаң, онда тұрған түк жоқ. Сосын, шашылып той жасамасаң қазір ұят көрінеді. Онда тұрған не бар? Кредит алмай-ақ, қоңыртөбеге ғана той жасағаннан мен ұялмас едім",-деп өз ойын жеткізген халық қалаулысы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
1
1
6
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір