RU
ШҚО-да соттың "әділетсіз" үкімімен келіспеген халық Жақып Асановтан көмек сұрады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да соттың "әділетсіз" үкімімен келіспеген халық Жақып Асановтан көмек сұрады (видео)

Рассказать Вконтакте

ШҚО Үржар ауданында кафеге барып, бастары бәлеге қалған азаматтар 15 жылға дейін сотталып кетті. Олардың туған-туыстары ауыл арасындағы төбелес үшін "тым қатал" жаза тағайындаған сот үкімімен келіспей отыр. Әділдік іздеп шырылдағандар NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хабарласып, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Көрнекі фото: 24tv.ua

Көрнекі фото: 24tv.ua

2017 жылдың мамыр айында Бопаев Дастан жанындағы екі досымен бірге караоке клубында отырған. Түнгі бірлер шамасында далаға шыққан Дастанға күзетші кафенің жабылатынын айтып, қайтуларын өтінген. Әлі біраз отырғысы келген азамат сол жерде күзетшімен ерегісіп, аяғында бір-біріне жұдырық жұмсайды.

15 жыл 6 айға сотталған Дастан Бопаев - үш баланың әкесі

15 жыл 6 айға сотталған Дастан Бопаев - үш баланың әкесі

Кафедегі у-шуға алаңдаған қызметкерлер бірден полиция мен кафенің иелеріне хабарласқан. Тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп жеткенде жұдырықтасқан жігіттер өзара түсінісіп, арыз жазбаймыз деп шешеді. Сондықтан полиция істі жылы жауып кете бермек болған.

Алайда ол жерге кафе қожайынының ұлы әрі Үржар ауданының прокуроры Е. Садықов келіп, Д.Бопаевпен ерегісіп қалады. Олар бір-екі жұдырықтасып, бір-бірін пышақпен қорқытқан екен. Бірақ суық қарумен жарақаттанған, ауыр зақым алған ешкім болмапты.

Осыдан кейін прокурор Е.Садықов төбелес шығарған Д.Бопаевтың үстінен арызданып, кафеде болған достарымен қоса сотқа берген.

12 жылға сотталған Бауыржан Қарсақбаев - ьөрт баланың әкесі

12 жылға сотталған Бауыржан Қарсақбаев - ьөрт баланың әкесі

Сот отырысында оқиғаның басы-қасында болған полиция қызметкерлері де куәлік етіп, істің мән-жайын түсіндірген. Бірақ сот үкімі Д.Бопаевқа 15 жыл 6 ай, Б.Қарсабаевқа 12 жыл, А.Аубакиров 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарады.

Айыпталушы азаматтардың жақындары шырылдап жан-жаққа арызданғанымен, сот үкімі өзгеріссіз қалыпты.

"Қазір тіпі адам өлтіргендердің өзін 15 жылға қамамайды кейді. Ал жай ғана төбелес үшін Бопаевқа 15 жыл бергені еш ақылымызға сыймайды. Бұл күнделікті ауыл арасында бола беретін жұдырықтасу ғой.

Ал 12 жылға сотталған Б.Қарсабаев кәмелетке толмаған төрт баланың әкесі. Өзі үшінші топтағы м.гедек. Ол ешкіммен төбелеспей-ақ ауыр жаза арқалап отыр.

Үшінші жігіт - А.Аубакировтың бар жазығы - сол күні достарымен кездескенінде ғана болып тұр. Себебі ол - жұдырықтасқан жігіттердің арасына түсіп, біреумен ерегіспеген", - деп ашынды Бопаевтың туысы.

Азаматтың айтуынша, Сот төрағасы бір-бір отбасын асырап отырған шаңырақ иелеріне "тым ауыр жаза" тағайындап, істі "прокурор Садықовтың жағына бұрмалап отыр.

31 арна берген мәліметтерге сүйенсек, аталмыш іс бойынша сотта куә ретінде жауап бергендердің бір тобы өз пікірлерінен тайқып, "бізді жәбірленушілер жалған сөйлеуге мәжбүрледі" дейді. Тіпті, сот кезінде біреуі жасы 18-ге толмағандықтан жалған атпен куә болған екен. Ал мейрамхана қожайыны Гүлия Садықова "сотталғандар ауданға аты шыққан бұзақылар" дегенді телефон арқылы хабарлап айтыпты.

"Бұл шешімді өте "әділетсіз" деп бағалаймыз. Халықтың көз алдында болып жатқан мәселеге еліміздің бас прокуроры Қайрат Қожамжаров пен Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов араласып, істі өздері тексеріп көрсе дейміз.

Қаншама құзырлы органдарға арыз жазғанымызбен, одан түк шықпай жатыр. Барлығы істі айналдырып, облыстық сотқа алып келеді. Ал бұл жерде шынайы шешім айтылмай отыр", - деп өтінішін жеткізді азамат.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
2
6
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір