Выйти
RU

Ашық-шашық киінетін қыздардың ұзағырақ өмір сүретіні рас па?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Британиялық ғалымдар ашық-шашық киінетін қыздардың ғұмыры ұзақ болады деген тұжырым жасап, көпшілікті таң қалдырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы vm.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ашық-шашық киіну. Көрнекі фото: Bomba.co

Ашық-шашық киіну. Көрнекі фото: Bomba.co

Ғалымдардың пікірінше, ашық-шашық киінетіндер киімдегі химикаттармен аз жанасады және жиірек жыныстық қатынасқа түседі.

"Ашық-шашық киіну ер азаматтардың көңілін аударады. Нәтижесінде әйел қалаған еркекпен төсек қатынасына түсу мүмкіндігіне ие болып, өмірден көбірек ләззат алады.

Бұл олардың өзін жақсы сезініп, ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Оның үстіне жалаңаш жүруге климаты мүмкіндік беретін елдерде халқының өмір сүру ұзақтығы жоғары", - дейді сексолог Анна Котенева.

Алайда өзге зерттеушілер британиялық әріптестер жасаған бұл тұжырыммен келіспей отыр.

"Бұл зерттеу атүсті жасалған. Әр елдің өз менталитеті бары ескерілмеген. Мәселен, кей елдерде жартылай жалаңаш қыздардың үйіне аман-есен жетуі екіталай. Оның үстіне денсаулық пен ашық-шашық киінуді бір-біріне байланыстырудың өзі түсініксіз", - деп бұл тұжырымға қарсы келді Анна Иотко есімді психолог.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ашық-шашық киінетін қыздардың ұзағырақ өмір сүретіні рас па?