RU
Ғалымдар: Ашық-шашық киінетін қыздар ұзағырақ өмір сүреді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар: Ашық-шашық киінетін қыздар ұзағырақ өмір сүреді

Рассказать Вконтакте

Британиялық ғалымдар ашық-шашық киінетін қыздардың ғұмыры ұзақ болады деген тұжырым жасап, көпшілікті таң қалдырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы vm.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ашық-шашық киіну. Көрнекі фото: Bomba.co

Ашық-шашық киіну. Көрнекі фото: Bomba.co

Ғалымдардың пікірінше, ашық-шашық киінетіндер киімдегі химикаттармен аз жанасады және жиірек жыныстық қатынасқа түседі.

"Ашық-шашық киіну ер азаматтардың көңілін аударады. Нәтижесінде әйел қалаған еркекпен төсек қатынасына түсу мүмкіндігіне ие болып, өмірден көбірек ләззат алады. Бұл олардың өзін жақсы сезініп, ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік береді. Оның үстіне жалаңаш жүруге климаты мүмкіндік беретін елдерде халқының өмір сүру ұзақтығы жоғары", - дейді сексолог Анна Котенева.

Алайда өзге зерттеушілер британиялық әріптестерінің бұл тұжырымымен келіспей отыр.

"Бұл зерттеу атүсті жасалған. Әр елдің өз менталитеті бары ескерілмеген. Мәселен, кей елдерде жартылай жалаңаш қыздардың үйіне аман-есен жетуі екіталай. Оның үстіне денсаулық пен ашық-шашық киінуді бір-біріне байланысты етудің өзі түсініксіз", - деп бұл тұжырымға қарсы келді Анна Иотко есімді психолог.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
3
0
2
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel