RU
Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз америкалық боксшы Ноа Киддпен жұдырықтасады деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Данияр Елеусінов

Данияр Елеусінов

Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығатын бокс кеші 28 сәуір күні Нью-Йорктегі "Барклайс" аренада өтеді.

Басты кездесуде орта салмақтағы Дэниэль Джейкобс пен поляк Мацей Сулецки қолғап түйістіреді.

Жартылай орта салмақта өтетін Данияр Елеусінов пен Ноа Кидд жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған. Америкалық боксшы кәсіпқой бокстағы мансабын 2016 жылы бастаған. 4 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңіске жеткен.

Ал Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
0
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір