RU
Тоқалды өзім әперемін: Алматылық келіншек замандастарына үндеу тастады
Жаңалықтар Қоғам

Тоқалды өзім әперемін: Алматылық келіншек замандастарына үндеу тастады

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдаған оқырман әйел ер азаматтарға екінші әйел алып беру керектігін айтып жар салды. Ол бәйбіше мен тоқал "бір-біріне шын жаны ашитын құрбылар" болуы керек деп санайды екен.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Аудиожазба арқылы өзінің ойын жеткізген әйел күйеуіне тоқал алып беру - әрбір қазақ келінінің міндеті деген қағиданы ұстанады.

"Сынақ өмірде дүние қуып, қызғанышқа бой алдырмауымыз керек. Одан де күйеуімізге тақуа әйел алып беріп, соның балаларын бағып отырсақ, қандай керемет! Еліміздегі халық санын да осылай көбейтеміз.

Тоқал алғысы келмейтін еркек жоқ. Барлық мәселе тек бізде. Біз рұқсат берсек, олар бұрынғыдан да бақытты болар еді.

Бір күйеуімізді қызғанып, ұстап отырғаннан не пайда? Елестетіп көріңізші, тоқал келін тәп-тәтті балалар туады. Сіз соны бағып, бәйбіше болып, абыройыңызды арттырып отырасыз", - дейді әйел.

Оның пікірінше, қазіргі әйелдер уақытша сезімге беріліп, іштарлыққа салынып жүр. Сондықтан да ер азаматтар екінші әйел алу туралы ойларын ашып айта алмайды екен.

"Әйелдердің көзі ашылып, барлығына түсіністікпен қараса деймін. Ал ер азаматтарға алтын уақытын өткізбей, ертерек іске көшуі керек.

Егер әйеліңіз тіпті, рұқсат бермей жатса, қазақ айтады ғой "берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан" деп. Сол секілді бір әйелді алып келіп, отауыңызға кіргізсеңіз, бәйбішеңіз артыңыздан өзі-ақ келеді. Ол да пенде ғой, қайда барады дейсіз?! Бір баласын туып, алдына алып келе бере қойсаңыздар, ет-жүрегі елжіреп, жібіп кетеді", - деп кеңес берген ол жұбайына жақын арада екінші әйел алып беруді жоспарлап қойыпты.

Ал сіз күйеуіңізге тоқал алып берер ме едіңіз?

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
15
9
1
2
43
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір