RU
Атырауда 40 жылдан бері жаңармаған вокзалдың сиқы жұртты шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда 40 жылдан бері жаңармаған вокзалдың сиқы жұртты шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Атыраудың Қандағаш – Мақат магистралдық темір жол желісінде орналасқан Сағыз станциясының вокзалында билет кассасынан басқа еш инфрақұрылым жоқ. Тұрғындардың айтуынша 40 жылдан бері жөндеу көрмеген вокзалда жолаушыларға еш жағдай жасалмаған деп хабарлайды Ақ жайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақ жайық

Фото: Ақ жайық

Сағыз станциясынан "Атырау-Алматы", "Атырау-Ақтау", "Маңғышлақ-Ақтөбе", "Маңғышлақ-Астана" жолаушылар және түрлі жүк поездары өтеді.

Теміржол жергілікті тұрғындар үшін де қолайлы. Өйткені облыс орталығымен байланыстырып тұратын автокөлік жолы жүруге жарамсыз. Мұнда 7 мыңға жуық адам тұрады.

Фото: Ақ жайық

Фото: Ақ жайық

"Мен Атыраудың тұрғынымын. Туып-өскен жерім осы Сағыз ауылы. Мен бұдан 40 жыл бұрын осы жерден кеткенімде вокзал осы күйінде болатын. Содан бері еш өзгермеген екен. Мұнда күтушілерге еш жағдай жасалмаған. Вокзалды бір өзгертетін уақыт болды ғой", - дейді Света Қаламғалиева.
Фото: Ақ жайық

Фото: Ақ жайық

"Мен жиі жүремін. Егер осы вокзалда жүк сақтайтын орын болса, мен жүгімді тапсырып, достарыма барып келер едім. Қолыңдағы жүкпен түн ішінде ары-бері жүруге қиынсынып, амалсыз осы жерде тапжылмай отырғаның. Вокзалда не асхана жоқ, не дәретхана жоқ, қысылсаң, қайда барасың?", - дейді Базарбай Қауысбаев.

Ал аға кезекшіні айтуынша, вокзалды әктеп, сырлау жұмыстарын қолға алған.

Фото: Ақ жайық

Фото: Ақ жайық

"Біз көктемге даярлықты бастап кеттік, әктеп сырлауды қолға алдық. Бұл елу орындық вокзал "ҚазақстанТемірЖолына" қарайды. Негізі вокзал салынады дегенді естігенбіз",-дейді аға кезекші Элмира Қайдабаева.

Ал Сағыз округінің әкімінің міндетін атқарушы Қуанай Ізмағанбетов жаңа вокзал салу жөнінде жоғары органдарға ұсыныстар берілгенін, соған орай жұмыстар жүріп жатқанын айтты.

Ал әзірге жолаушыларға асхана, дәретхана және жүк сақтау орындарының жоқтығына шыдап бағуға тура келеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
2
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel