RU
Қуыршақтар мекенінде "Наурыздың сиқырлы түні" атты ғажайып кеш өтті
Жаңалықтар Қоғам

Қуыршақтар мекенінде "Наурыздың сиқырлы түні" атты ғажайып кеш өтті

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қуыршақ театры Ұлық мерекеміз - Наурызды бір ай көлемінде тойлату және сан ғасырлық тарихы бар дәстүрлі мейрамды кеңінен дәріптеп, әдеп-ғұрыпты ұлықтау мақсатында өнерсүйер жандардың жанына рухани азық сыйлап, көңіл пердесін әдемі күйге бөлеу үшін Алматы қаласынының тұрғындары мен қала қонақтарымен бірге дүбірлі той өткізді.

Қуыршақ

«Наурыздың сиқырлы түні» атты қойылым-концертінің басты ерекшелігі – күн ұясына батып, қас қарайған уақытта театр ауласына екі бірдей қазақ ауылдарының қоныс құрып, хайуанаттар бағы мен цирктен сиқырлы өнерпаздардың келуі болды.

Қуыршақ

Кеште «Қазақ ауылы» мерекелік қойылым ұсынып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптесе, «Шеберлер» ауылының кейіпкерлері сан түрлі аспаптарда ойнап, олардың жасалу жолдарын көрсетті.

Қуыршақ

Сондай-ақ, қуыршақтар мекенінде шеберлік сағаттары өткізіліп, ашық аспан астында жәрмеңке де өткізілді.

Қуыршақ

Айта кетерлігі, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, салт-дəстүрімізді жаңғыртуға үлес қосу үшін тұңғыш рет ұйымдастырылған аталмыш шара көпшіліктің көңілінен шықты

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel