RU
Көрер жарығы бар: ОҚО-да офицер 5 жасар баланы ажалдан арашалап қалды
Жаңалықтар Қоғам

Көрер жарығы бар: ОҚО-да офицер 5 жасар баланы ажалдан арашалап қалды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысында офицер 5 жасар баланы құтқарып қалды. Достарымен бірге ойнап жүрген балақай каналға құлап кеткен деп хабарлайды Хабар24-ке слітеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: belnovosti.by

Көрнекі фото: belnovosti.by

Оқиға Жетісай қаласы маңындағы фермада болған. "Достық" каналына құлаған баланы тереңдігі 5-6 метр болатын асау өзен ағызып әкетеді. Сол маңда өз шаруасымен жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Мақтаарал аймағы ауданаралық басқармасында қызмет ететін Марат Оразов болса, көмек сұрап, жылаған балалардың дауысын естиді.

Бірден өзен жағасына барған оның ойлануға мұршасы қалмаған. Офицер сырт киімін шешіп, суық суға секіреді. Бұл кезде бала арнайы қойылған бекетке жақындап қалған екен. Тездетпесе, бәрі кеш болатынын сезген ол барынша жылдам жүзіп, баланың киімінен ұстайды.

"Басын көтергенімде көзі ашық екен. Беті көгеріп, денесі мұздап кетіпті. Сол кездегі бар арманым қалайда жағаға жеткізу болды. Бірақ қатты ағыс жүзуге мұрша бермей, қиналдым", – дейді офицер.

Десек те ажалмен арпалыса жүріп, ол баланы жағаға жеткізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel