Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал ирандық көріпкел алдағы жылдарға қорқынышты болжамдар жасады

Опубликовано:

Танымал ирандық көріпкел Мохсен Норузи алдағы жылдарға қорқынышты болжамдар жасады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мохсен. Фото: Oxu.Az
Мохсен. Фото: Oxu.Az: UGC

2014 жылы Мохсен АҚШ-тың 44-ші президенті қара нәсілді азамат болатынын және ол АҚШ-ты басқарғанда әлемдік дағдарыс басталатынын болжап, дөп тиген болатын.

Ирандық көріпкел экономикадағы қиындықтар 2020 жылға дейін жалғасын табатынын айтуда. Салдарынан әлемде әскери және саяси жағдай түбегейлі өзгереді дейді ол.

Экстрасенс АҚШ-тың болашақта әлемге ықпалы жойылатынын және Еуропа құлдырауға тап болатынын болжады. Ал Үшінші дүниежүзілік соғыс көріпкелдің пікірінше басталып кеткен.

2014 жылы Мохсен Шығыста қайғылы жағдай болып, бұл әлем бойынша террорлық актілердің көбеюіне әкеліп соқтыратынын айтқан.

Көріпкелдің 2011 жылдан бастап әлемде табиғи апаттар көбейеді деген болжамы да шындыққа айналды. Мохсен мұндай апаттар болашақта көбеймесе, азаймайтынын ескертуде. Алайда адамзат әзірге жер бетінен жойыла қоймайды дейді ол.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1727509-tanymal-irandyk-kripkel-aldagy-zyldarga-korkynysty-bolzamdar-zasady/

pixel