RU
Алматыда 24 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісі қамауға алынды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда 24 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісі қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Алматыда жолаушылар жолағынан өтіп бара жатқан 24 жастағы бойжеткенді қоғамдық көлік қағып кеткен болатын. Ауыр соққыдан бойжеткен көз жұмып, жүргізуші қамауға алынды деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Автобус. Фото: ru.sputniknews.kz

Автобус. Фото: ru.sputniknews.kz

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға таңғы сегіз жарымдардың шамасында орын алған.

Қатты соққыдан бойжеткен 20 метр қашықтыққа ұшып кеткен.

20 жылдай тәжірибесі бар 41 жастағы жүргізуші "Green Bus Company" мекемесіне екі жыл бұрын жұмысқа орналасқан.

"Жеңіл көлік тоқтап жатқан кезде әлі жасыл жанып тұрған. Сол кезде мен бірінші қатардан өтіп кетем деп сол кезде жолаушы жолға шығып қалып, қағып кеткен. Оны экспертиза өз қорытындысын шығарады. Автобус айып тұрағына жөнелтіліп, жүргізуші уақытша тергеу изоляторына жабылды. Құзырлы органдар бейнебақылау камерасындағы жазбаны зерттеп, автобус қызыл түске өтті деген қорытындыға келді", - деді "Green Bus Company" директорының орынбасары Бақытжан Рысбаев.

Қазір қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалған. Ал, қоғамдық көлік тиесілі "Green Bus Company" мекемесі марқұмның отбасына материалдық көмек көрсететіндерін айтты.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
19
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір