RU
Алматыда туған баласын тастап кеткен екі бірдей көкек ана іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда туған баласын тастап кеткен екі бірдей көкек ана іздестіріліп жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматыда қырқынан шықпаған нәресте мен жеті айлық сәбидің аналары іздестірілуде деп хабарлайды КТК арнасы.

Тастанды бала. Скриншот КТК

Тастанды бала. Скриншот КТК

Көкек ана шақалақты жер асты өткеліне тастап кетіпті. Балалар емханасына жеткізілген сәби әлі қырқынан шықпаған. Оны кімнің тастап кеткені белгісіз. Тек, оралған жаялығына қағаз қыстырылып, онда 21-наурызда дүние есігін ашқаны жазылыпты.

"Түскен кездегі жағдайы салмағының аздығына, шала тууына байланысты орташа ауырлықта. Қазір барлық тексерулерден өтіп жатыр. Салмақ қосты. Жағдайы қанағаттанарлық", - дейді клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева.

Ал екінші тастанды бала - жеті айлық сәби. Полицейлер оны анасымен бірге көшеден кезіктірген. Алайда ішімдікке масайған анасы өзі туралы мардымды ақпарат айтпапты. Кейін мастығынан айыққан соң баласынан безініп, тайып тұрыпты.

Бүгінде баласынан безген ананы іздестіру жұмысына облыстық полицейлер де кіріскен. Көкек ана ресми түрде баласынан бас тартса, қажетті шаралар қабылданады дейді полицейлер.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel