Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркектер ет асады: Астаналық жігіт Ақтаудағы түсініксіз салттарды тізіп берді

Опубликовано:

Өзге облыстарға ұқсамайтын, жері құрғақтау, жаңбыр сирек жауатын Маңғыстаудың ел білмейтін ерекшеліктерін астаналық жігіт NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.

Көрнекі сурет. Фото: interesnoe.me
Көрнекі сурет. Фото: interesnoe.me: UGC

Маңғыстауда тұрғындардың жергілікті қолданыстағы диалектілері еліміздің орталық, шығыс, солтүстік аймақтың тұрғындарына таңсық. Жылдам әрі жоғары тонда сөйлеуін "ұрсып тұр ма?" деп ұғып қалуға болады. Бастапқыда құлаққа түрпідей тигенімен, кейін келе бұған үйреніп кетесіз.

Маңғыстау 362 әулие мекендеген киелі аймақ саналады. Мұнда аталарға деген шексіз бар. Оларға деген құрмет әрбір маңғыстаулықтың бойынан табылады. Алда-жалда аталарға зиярат етушілерді құп көрмейтіндерге мұнда жылы қабақ таныта бермейді. Әулиеден тілеу тілеп, басына түнеушілер қатары көп. Зиярат етушілердің басым көпшілігі Бекет атаның мешітіне жылдың қай мезгілінде ағылады.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ол жаққа барып оң ниетпен барғандардың тілегі қабыл болады. Құрбандыққа қой шалып, қан шығарады. Бекет атаның мешітіне келушілердің арасында көршілес Ресейдің азаматтары да көп. Мұнда шипа іздегендер құлан таза айығып, проблемасы күрделеген адамдардың жайы оңалады.

Маңғыстауда Бекет атадан өзге де әулиелер көп. Олардың қай қайсы болмасын, киелі. Сондықтан, оларға тіл тигізгендерді халық кешірмейді.

Салт-дәстүрді берік сақтаған аймақ ретінде Маңғыстаудың қыз ұзату, үйлену тойын ерекше атауға болады.

Бойжеткен қызға құда түсу үшін күйеу жігіттің әке-шешесі бармайды. Ағасы мен жеңгесі, тағы бір-екі жақын туыстары барып, құдалық сырға салады. Ал қыз ұзату тойына жігіттің жеңгесі, тағы 2-3 туысы мен достары ғана барып, қалыңдықты ұзатып әкеледі. Кейін үйлену тойына да қыздың әке-шешесі келмейді. Жеңгесі, әпкелері мен сіңлілері сияқты 7-8 қаралы адам барады.

Екі жақтың құдалары тойдан соң арнайы күнді белгілеп, құдалық рәсімін өткізіп барып, араласа бастайды. Қыздың жасауы ретінде өзге жақтағыдай дүние мүлкімен бірге шамасына қарай жігіттің аулына тайлақ жетектеп апарады.

Айтпақшы, тойға барған тұрмыстағы келіншектер жапай қажекей киіп, басына ақ орамал байлайды. Әжелер де ұлттық киімде жүреді. Сырттай қараған адамға бұл мерекелік қойылым сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ анығында бұл қалыптасқан дәстүр.

Көрнекі сурет: azattyq.org
Көрнекі сурет: azattyq.org: UGC

Құдалықтың осылай өрбуі ежелгі қазақ халқының салты бойынша деп айтылады.

Маңғыстауда өлім-жітімде марқұмды арулап жерлеуге баса мән беріледі. Өзге өңірлерде айтылмайтын жоқтау дәстүрі Маңғыстау берік сақталған. Көңіл айтып келушілер марқұмның туыстарын құшақтап, сүймейді. "Қазаның арты қайырлы болсын!" (көбіне "қайырлы болсын!" деп айтады) деп көңіл айтады. Ал марқұмның шешесі я әйелі, апалары мен сіңлілері кезекпен жоқтайды.

Қызықтысы сол, Маңғыстауда Жаңаөзен қаласында той-томалақ, өлім-жітімде қазан-ошақта ер азаматтар жүретін жайттар жиі кездеседі. Ет асып, оны дайындауды ерлерге жүктеу облыстың басқа аудандарында кездесе бермейді. Жергілікті тұрғындар мұны "тек Жаңаөзен жағында ғана қалыптасқан" деп айтады.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: UGC

Амал мерекесі маңғыстаулықтар үшін ең қастерлі мейрам. Бұл жақта 1 қаңтардағы жаңа жылдан гөрі 14 наурыздағы Амалдың мәні зор. Бұл күні барлық қыз-келіншек атаулы ұлттық киімде жүреді. Таң атысымен барлық жақын туыстар бір-бірінің үйін аралап көріседі. Бұл күні қисапсыз мол дастархан жайылады. Көрісу – адамдардың бір-бірімен қол алысуы. Бірақ, атасы мен келін, қайын аға мен келін қол алысып көріспейді. Бұл сөкеттік саналады. Амалдан кейін де біраз уақытқа дейін көрмеген адамға қос қолдап амандасып, "жыл құтты болсын!" деп айтады.

Жалпы, айта кетерлігі, басқа жақтарда ер азаматтар бір-бірімен қос-қолдап амандасса Маңғыстау бір қолмен амандасу қалыпты жағдай. Сондықтан, сырттан келген адам мұны түсінбей қалуы мүмкін.

Келін түскен үйдің келіні көп сөйлемейді. Үнемі ұзын етекті көйлек киіп, үйдегі үлкендерге күнде сәлем салады. Басқа жақтардағыдай атасының алдынан шалбар киіп кесіп өту мұнда көргенсіздік санатына жатады.

362 – деген сан ерекше маңызға ие. Көлікке бұл нөмірді тағып жүру зор мәртебе болмаса да "крутой номер" қатарына жатады. Айтпақшы, маңғыстаулықтар шамасы жеткенше "Лэнд Крузер" мінуге бейім. Сондықтан, Маңғыстауға сапармен келген адамның көзіне бірінші жапондық джиптер бірінші түседі.

Маңғыстау туралы ойлағанда әркімнің ойына мұнай түседі. Мұнай компанияларында жалақы жоғары болғандықтан көбі осы салада жұмыс істеуге ниетті. Алайда ол мүмкін емес жайт. Мысалы, облыста 600 мың адам болса, оның 30 мыңнан астамы ғана мұнай саласында жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727556-erkekter-et-asady-astanalyk-zigit-aktaudagy-tsiniksiz-salttardy-tizip-berdi/

pixel