RU
Жедел жәрдемді 18 рет шақырдық: Ақтөбеде 10 жасар оқушы көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жедел жәрдемді 18 рет шақырдық: Ақтөбеде 10 жасар оқушы көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбенің №38 мектебінде он жасар Ділназ есімді оқушы көз жұмды. Жағдайы нашарлаған оқушыға жедел жәрдем шақыру мүмкін болмаған. Бұл туралы "Диапазонға" сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ділназ отбасымен бірге. Фото: diapazon.kz

Ділназ отбасымен бірге. Фото: diapazon.kz

Мұғалімдердің айтуынша, қыздың жағдайы сабақ үстінде нашарлаған. Олар бірден анасына қоңырау шалып, жедел жәрдем шақыра бастайды. Алайда дәрігерлер сол күйі көмекке келмеген.

Жедел жәрдемді дәрігерлер көшеден тоқтатты. Емханаға жеткізілген оқушы тіл тартпай кеткен. Алдын ала болжам бойынша, баланың кенеттен жүрегі тоқтаған.

Жедел жәрдемді 18 рет шақырдық: Ақтөбеде 10 жасар оқушы көз жұмды

Жедел жәрдемді 18 рет шақырдық: Ақтөбеде 10 жасар оқушы көз жұмды

"Біз жедел жәрдемді 18 рет шақырдық! Ол келмегесін, мұғалімдер жедел жәрдемді көшеден аулап, тоқтатты. Сол жерде қыз бала көз жұмды", - дейді білім бөлімін басқарушы Бимаш Тлеубергенова.

Ол баланың бұған дейін де денсаулығы сыр беріп жүргенін алға тартты. Алайда оқушының анасы Ділназдың денсаулығында кінәрат болмағанын айтуда.

"Поликлиникада карточканы ашты, не болғанын өздері де түсіне алар емес. Мамандар оның барлық ағзасы қалыпты жағдайда болғанын айтып отыр. Кенеттен жүрегі тоқтап қалған. Не себепті тоқтағанын тек бір айдан соң айта алады. Алматыға сараптамалар жіберілді", - дейді Ділназдың анасы.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
10
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel